Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында компьютерлік томографияның әлемдегі ең соңғы үлгісі орнатылды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауруханаға қарасты инсульт орталығын ашып, заманауи қондырғының жұмысымен танысты. Облыс басшысы медицина қызметкерлерінің еңбегіне оң баға беріп, ауруханаға су жаңа үш жедел жәрдем көлігін сыйлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен өңіріміздің барлық ірі ауруханалары жабдықталатын болады.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы 1989 жылдан бастап жұмыс атқарып келуде. 2017 жылы ауруханаға аудандық  емхананы қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бойынша жалпы қызметкерлер саны – 2121. Оның ішінде дәрігерлер саны – 307, орта буынды медицина қызметкерлері – 1225, 325 – кіші буын қызметкерлері және 264 өзге де қызметкерлер сапалы жұмыс атқарып келеді.