Қымбат тұратын консультативтік-диагностикалық қызметтердің тізбесі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

 

Шымкент қаласы, Қонаев гүлзары, 21-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:

 

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

стационарлық медициналық көмек (ауыл тұрғындарына көрсетілетін  медициналық көмекті қоспағанда);

стационарлық медициналық көмек паллиативтік көмек

стационарлық медициналық көмек, оның ішінде инфекциялық,  психикалық бұзылушылықпен (аурулары);

стационарды алмастыратын медициналық көмек (ауыл тұрғындарына көрсетілетін  медициналық көмекті қоспағанда;

 

консультациялық-диагностикалық көмек:

осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес қымбат тұратын консультациялық – диагностикалық көрсетілетін қызметтер;

– шұғыл стоматологиялық көмек қызметтері;

– жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтері;

-шұғыл травматологиялық (травматологиялық пункттерде) көмек қызметтері;

 

дәрігерге дейінгі медициналық көмек

білікті медициналық көмек;

мамандандырылған медициналық көмек;

медициналық – әлеуметтік көмек;

қызметтері бойынша  2018  жылы көрсетілетін қызметтердің көлемін  орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының Түркістан облысы және Шымкент қаласы аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Шымкент қаласы Қонаев гүлзары, 21-де, 304-кабинетіне ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы «08» қазан 9 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «16» қазан  сағат 18:30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 7252,  955 868,955 871

 

Ескертпе:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияға өндірістік базаның орналасқан жері бойынша жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі республикалық комиссияға ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімді дерекқорға енгізілген және:

1) республикалық деңгейде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер;

2) республикалық және өңірлік деңгейде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері береді.

Республикалық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі (осы хабарландыруға 2-қосымша) қоса беріліп отыр. Бұл ретте, көрсетілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы  өңірлік комиссияға өңірлік деңгейде халыққа көрсетілетін қызметтерге өтінім береді.

Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  www.mz.gov.kz), Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының  (ontustik@gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруға
1-қосымша

 

Қымбат тұратын консультативтік-диагностикалық қызметтердің тізбесі
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес)

 

 

  1. Полимеразды тізбекті реакция
  2. Иммуннды фенотиптеу
  3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг)
  4. Компьютерлік томография
  5. Магниттік-резонансты томография