Түркістан облысы Төле би ауданында жеті құрастырмалы - қаңқалы медициналық тірек ашылып, орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті

Фото авторы Азат Дидарбек

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Төле би ауданы Оңтүстік елді мекеніндегі құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық тірек халық игілігіне пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қатысты.

Небәрі 2 айдың ішінде бой көтеретін заманауи бекеттер неміс технологиясымен жасалған. Онда фельдшер, дәрігер – терапевт және медбике қызмет көрсетеді. Осылайша ауыл тұрғындары алғашқы көмекті алысқа бармай – ақ қолжетімді жерден ала алады. Жалпы алаңы 125 шаршы метр болатын, медициналық құралдармен толық жабдықталған
құрастырмалы – қаңқалы медициналық тіректің құны 30 млн.теңгені құрайды.

Фото авторы Азат Дидарбек

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қағидаларын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сәйкес ШЖҚ «Төлеби аудандық ауруханасы» МКК-ның қабылдау және жансақтау бөлімі ауруларды қабылдауға ыңғайлы, ауруларға жайлы орынға көшірілді. Қабылдау бөлімі кіші ота бөлмесі, экспресс лаборатория, шұғыл диагностикалық бөлмесі (УДЗ, рентген, ФГДС), науқастарды саралауға ыңғайландырып 3 көп функионалды кереует орнатылды және балаларды қарау бөлмесі де ашылды. Науқастарды «триаж» системасына сәйкес жоспарлы қабылдайтын және шұғыл түрде қабылдайтын посттар ашылды. Жүкті әйелдерді қарау, шұғыл түрде босандыру бөлмесі және аса қауіпті инфекцияға күдікті науқастарды саралау бөлмесі ашылды.  Бөлім ортақтандырылған оттегімен тыныс алу жүйесімен жабдықталды. Ауруларды қабылдайтын автокөлікке арналған пандусты эстакадалық жол жаңадан салынды.

Фото авторы Азат Дидарбек

Емханаға келген науқастар кезегін куту үшін арнайы зал ашылып, электронды мониторлар мен дауысты хабарлағыштар және жайлы орындықтармен жабдықталды. Тіркеу бөліміне келген науқастар мен медициналық қызметкерлер арасында барьерсіз қабылдауға жағдай жасалды.