Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Түркістан облысы, Қонаев гүлзары 21үйдеорналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға*тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:  

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

стационарлық көмек, оның ішінде ауыл субъектілері көрсететін стационарлық көмек, онкогематология, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, туберкулезбен ауыратын балаларға медициналық көмек;

стационарды алмастыратын көмек (ауыл субъектілері көрсететін);

амбулаториялық гемодиализ;

– перитонеалдық диализ;

медициналық көмек түрлері бойынша:

дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
білікті медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмек;

кешенді жан басына шаққандағы нормативке енгізілмеген консультациялық-диагностикалық қызметтер:

1) маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы стоматологиялық көмекке (ортодонттық және ортопедиялықтан басқа) қызметтер және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін шұғыл стоматологиялық көмек қызметтер (жіті ауырсыну);
2) қымбат тұратын қызметтер (жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу қызметтері –ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);

Көрсетілген медициналық қызметтер Түркістан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына жұмыс күндері Шымкент қаласы                                   21үйде, 3-қабат № 304кабинетінеұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«19» желтоқсан 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «21» желтоқсан 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7252) 955-868, 955-871.

Ескертпе:

*  Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ(www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.onmed), интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы                               7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.