Түркістан облысының дәрігерлері кәріз жүйесіне құлаған баланың өмірін аман алып қалды

Ақ халаттылар Жетісай аудандық орталық ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген 2 жасар Бақытбек Сабыржанның өмірімен бірнеше сағат арпалысқан. Шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген сәбиді аман алып қалу үшін реаниматолог дәрігері Нұрсұлтан Шойбеков пен балалар болімінің меңгерушісі Зульфия Кешубаева бастаған бір топ дәрігер бірнеше сағат бойы күрескен.

Кәріздің лас суына тұншыққан сәби 12 сағаттан астам уақыт жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Екі жасар балғынның ата – анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Тиісті ем – дом алуда.