ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева іссапармен Түркістан   облысының медициналық мекемелерінің жұмысымен жіті танысуда

ДСМ – нің Вице-министрі Лязат Мейрашқызы Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов пен  Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге Облыстық клиникалық аурухананы аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Мәртебелі қонақтар аурухананың жұмысы мен техникалық жабдықталуы мен ақ халаттылардың біліктілігіне баға берді. Вице- министр қабылдау бөлімінің триаж жүйесінің жұмысы мен жансақтау бөлімінің жасақталуы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Жұмысшы топ құрамында келген ҚР Денсаулық сақтау вице – министрлігі Ляззат Ақтаева және Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов екі күнде Түркістан облысының бірқатар медициналық нысандарын аралады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұқан Егізбаев бірнеше аурухана, емхана және перзентханаларды аралап шығып, ондағы жағдаймен танысты.