Түркістан облысының дәрігерлері суға батып кеткен балақайдың өмірін аман алып қалды

Оқиға Абай ауданы, Ошақты ауылында орын алған. Ауласында ойнап жүрген 4 жасар Айару Әбдіқадыр абайсызда үйінің жанындағы үлкен арыққа құлап кетеді. Оны байқап қалған балалар қыздың әкесіне хабарлаған екен. Әкесі судан қызын алып шыққанда ол көгеріп, ес – түссіз болған. Әкесінің айтуынша, қызы шамамен 10 минуттай суда қалып қойған.

Оқиға орнына бірнеше минуттың ішінде шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері алқашқы медициналық көмек көрсетіп, өкпесінен шу шыққан соң, тыныс алып баланың беті бері қараған. Жедел жәрдем қызметкелерінің кәсіби біліктілігі мен көмек көлігінің қажетті техникамен толық жабдықталуынан, суға батып кеткен сәби аман қалды.

Балақайға Абай атындағы Орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Айарудың бүгінде беті бері қараған. Жансақтау бөлімінен ауыстырылып, тиісті ем алуын жалғастыруда.