тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

 

Түркістан облысы Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*:

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

1) амбулаториялық емханалық көмек:

– консультациялық-диагностикалық көмек;

 

медициналық көмектің түрлері бойынша:

  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек;

 

көрсетілетін қызметтер бойынша:

  • АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-мен ауыратын науқастарға көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Түркістан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына Түркістан қаласы С.Ерубаев 138- үйге ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы «22» сәуір 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «24» сәуір 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7253) 35 28 48.

 

Ескертпе:

*  Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ(www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Түркістан  облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.onmed), интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы  7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.