Түркістан облысының дәрігерлері балаларға сақ болуға шақырады

Жедел жәрдем қызметкерлері мен учаскелік дәрігердің дер кезінде көрсетілген көмегінің арқасында бір уыс дәрі ішіп қойған сәби дін аман. Ордабасы ауданының кішкентай тұрғыны
Әлайдар Айшабибі үйінде ойнап жүріп 15 түйір дәрі ішіп қойған. Жедел жәрдем қызметкерлері мен учаскелік дәрігердің санаулы уақыттың ішінде шұғыл жетуінің арқасында балақайға кәсіби медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Кішкентай науқастың асқазаны жуылып, дәрігер бақылауына алынды.

Соңғы кездері әсіресе жас балалардың түрлі улану жайттары азаймай тұруына байланысты, оқыс оқиғалар көбейген. Өкінішке орай, облыс аумағында мұндай жағдайлар күн сайын орын алады. Осыған орай, дәрігерлер ата – аналарға сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.