Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

 

Түркістан облысы Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде*:

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

консультациялық-диагностикалық көмек:

ауыл субъектілері үшін стационарлық көмек (сәбиді күту бойынша (жаңа туған сәбидің дәрі қобдишасы) жинақты қамтамасыз етуге);

санитариялық көлікпен мамандандырылған маманды және (немесе) науқасты тасымалдаумен байланысты медициналық көмек;

медициналық көмектің түрлері бойынша:

  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек;
  • онкологиялық науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған қатерлі ісікпен аурыларымен күресу бойынша кешенді жоспарына сәйкес)**:

молекулалық-генетикалық және молекулалық биологиялық диагностиканы жүргізу,

телепатология жүйесі арқылы ісіктердің биоүлгілеріне халықаралық телеконсультациясын өткізу;

зақым келтіретін бірігу патологиясы бар ІV клиникалық топтағы онкологиялық науқастарға мобильді топтарымен ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекке паллиативтік көмек

қызметтер бойынша:

  • кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілмейтін консультациялық-диагностикалық қызметтер:

онкологиялық ауруларға күдікті науқастар үшін маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрі: компьютерлік томографияне/немесе магниттік-резонансты томография (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған қатерлі ісікпен аурыларымен күресу бойынша  кешенді жоспарына сәйкес)** көрсету көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Түркістан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйге ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы
«8» мамыр 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «17» мамыр 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 725 335 2857.

 

Ескертпе:

*  Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ(www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Түркістан  облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.onmed), интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы                                7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

** онкологиялық науқастарға онкологиялық науқастарға арналған кешенді мөлшерде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері өтініш жасайды.

.