Түркістан  облысының денсаулық сақтау басқармасы төмендегі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына  байқау  кеңесінің мүшелеріне конкурс жариялайды

 

  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық тері-венерология диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «№1 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «№2 Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған туберкулезге қарсы «Балықшы» шипажайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жүйке аурулар диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арыс аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазығұрт аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетісай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Төле би аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ленгір қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ленгір қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шардара аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Түркістан қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Кентау қалалық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Кентау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Түркістан  медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;
  • Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетісай медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында;

        

  1. Конкурс өткізу күні мен орны.

Конкурсты өткізу мерзімін Түркістан  облысының денсаулық сақтау басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күнтізбелік күн өткен  соң  белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Түркістан  облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Айналма тасжолы, 160 квартал.

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар.

 

  1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
    1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Конкурсқа  мынадай  тұлғалар  жіберілмейді:

1)  соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3),,,бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4),,,байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық  және (немесе) туыстық қатынасы бар тұлғалар.

        

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді  беру мерзімі.

Құжаттарды қабылдау осы конкурс туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап күнтізбелік  отыз күн өткен соң аяқталады.

        

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың

                                                          тізбесі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1),,,конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2)   мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3)  өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
6)  еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының нотариалды расталған көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;

7)  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын “Түпнұсқа” деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) осы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Түркістан облысының,  денсаулық сақтау басқармасы бағытталуы;

2) “Байқау кеңесі мүшелерінің – мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы” және “____________ дейін ашуға болмайды” (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі.
        Конкурсқа қатысушылар білуі қажет:  Қазақстан Республикасының  Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы мен денсаулық сақтау мәселелеріне  арналған  басқада  нормативтік-құқықтық  актілерді.

              

  1. Құжаттарды қабылдау басталатын күні.

Құжаттар осы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайда қабылданады. мекен-жайы: Түркістан қаласы, Айналма тасжолы, 160 квартал. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік және кадр жұмысы бөлімі.

Анықтама сымтетіктері: 8 (7253) 35-93-79