Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Түркістан облысы Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысыбойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында                 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:  

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

стационарлық көмек (ауылдық субъектілеріүшін нәрестені күту бойынша жиынтықпен қамтамасыз ету үшін (жаңа туған нәрестенің дәрі қобдишасы));

медициналық көмектің түрлері бойынша:

дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
білікті медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмек;
кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілмейтін консультациялық-диагностикалық қызметтер:
жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу қызметтер (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);

Көрсетілген медициналық қызметтер Түркістан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйге ұсынады.*

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы
«07» маусым 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «12» маусым 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 725 335 2857.

Ескертпе:

* Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ(www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының (www.onmed.kz), интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы                                7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.