ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қалалық орталық емхана жұмысына жоғары баға берді

Агенттік төрағасы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыс басшысымен бірге бірқатар нысандарды аралап шығып, Түркістан қалалық орталық емхананың жаңа технологияларымен танысты.

Аталған емханада цифровизацияның алдыңғы қатардағы жаңартуларды: инфокиоск, куаркод, онлайн  хабарлау, колл центр, тікелей Кмис – ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және  науқастарға смс- хабарлама жеткізу ісі мен  тіркеу орынын аз уақыт ішінде күрделі өзгерістерге және жаңартулар орын алды. Шпекбаев мырза емхана қызметін Нұр – Сұлтан қаласындағы медицина мекемелеріндегі заманауи технологиямен жабдықталуымен салыстыра отырып, жоғары бағасын берді.

Түркістан қалалық орталық емханасының тіркеу орнында Елбасының талабына сәйкес “Адалдық алаңы” мен әлеуметтік қызмет көрсету орындары ашылды. Онда
КР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес мүмкіндігі шектеулі  жандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.Триаж жүйесі ашылып халыққа қызмет көрсетілуде.