Түркістан облысының перзентханаларында 100% сайлауға  қатысты

Бірінші болып осы атаулы саяси науқан Түркістан облысының перзентханаларында аяқталды. Түркістан облысының перзентхана әйелдері таңғы 7-ден бастап дауыс бере бастады. Сайлау  Түркістан облысының барлық перзентханаларында сайлау өтті. Оған жүкті әйелдер мен босанушылар қатысты. Түркістан облысында 3 перинаталдық орталық бар. Бүгінгі сайлауға үш жүзден астам әйел қатысты. Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Бүгін 200-ге жуық бала дүниеге келді. Олардың жүзден астамы қыз бала. Түркістан облысының перзентханалары мен ауруханаларында 9 маусымда Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс беру уақыты қысқарды. Облыстық перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда дауыс беру таңғы сағат 10.00-ге дейін өтті.

Медициналық ұйымдар – бұл режимдік нысан екенін ескере отырып, дауыс беру уақыты кешке дейін созылмау қолға алынды.