Түркістан облысындағы медицина қызметкерлері арасында ​ дәстүрлі спартакиада тартысты ​ өтті

Түркістан облысындағы медицина қызметкерлері арасында спорттық сайыстар өтті. «Дені сау дәрігер – дені сау пациент!» ұлттық бағдарламасы мен «Медицина қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырылған спартакиадаға облыстық емдеу мекемелері мен аудандық, қалалық​деңгейдегі ​ барлық медицина ұйымдары қатысты.

Спорттық сайысты облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы мен “DENSAULYQ” Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. Медицина қызметкерлері алдымен аудан-қалаларда спорттың​ шағын футбол, волейбол мен арқан тарту сайыстары бойынша ​ алдын ала іріктеу жарыстарынан өтіп, ақтық сайысқа жолдама алды. Жеңген алты команда бүгін Түркістан қаласындағы спорт кешенінде жарысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты да қызықты өткен спартакиадада финалға шыққан команда мүшелері бар күш-жігерлерін салып, спортта да осал емес екендіктерін ​ ​көрсетті. Сайыс қортындысы бойынша командалар арасында белсенді әрі үздік деп Төле би аудандық орталық ауруханасы танылды.

Шағын футболдан:
1 орын – Кентау қалалық емxанасы
2 орын – Қазығұрт аудандық орталық ауруxанасы
3 орын – Төле би аудандық орталық ауруxанасы

Волейболдан:
1 орын – Бәйдібек аудандық орталық ауруxанасы
2 орын – Облыстық псиxикалық денсаулық орталығы
3 орын – “Атакент” Мақтарал аудандық ауруxанасы

Арқан тартудан:
1 орын – Облыстық туберкулезге қарсы диспансері
2 орын – Төле би аудандық орталық ауруxанасы
3 орын – “Асықата” Жетісай аудандық ауруxанасы иеленді.

Жеңімпаз командаларға ​”DENSAULYQ” Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан Роза Таңатарқызы ​ кубоктарды тапсырып, тұрмыстық техникаларды табыстады. Медицина қызметкерлері облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. ​ ​

Айта кетейік, аталған шара медицина қызметкерлерінің спортқа қызығушылығын арттыру мен олардың арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.