БАС ДӘРІГЕрі БОС ЛАУАЗЫМ ОРЫНДАРЫ – 1 БІРЛІК ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Түркістан облысының қоғамдық ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСының  шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кентау қалалық емханасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының БАС ДӘРІГЕрі БОС ЛАУАЗЫМ ОРЫНДАРЫ – 1 БІРЛІК ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы Қазақстан Республикасы   Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген   «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына» сәйкес бос орын Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқарамасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кентау қалалық емханасы» МКК-на бас дәрігері қызметіне конкурс жариялайды.

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кентау қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының бас дәрігері – 1 бірлік.

Конкурсты өткізу мерзімін Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күннен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы, мекен-жайы:. Түркістан облысы; Түркістан қаласы, Айналма тас жолы,160 квартал , н/з 1 қабат Түркістан облысы  қоғамдық денсаулық басқармасының кадр және құқық жұмысы бөлімі..(Түркістан қалалық балалар ауруханасы)

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кентау қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны-денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету жұмысын жүргізеді.

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, №34,   Сымтетік: 8(7253) 63-01-36

Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының қызмет орнына үміткерлерді іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар:

Медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейін бойынша);

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтау менеджменті”, “Менеджмент” немесе “Медицина” (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), “Бизнес әкімшілендіру”, “Іскерлік әкімшілендіру”, “Экономика”, “Қаржы және кредит” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

не экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және “Қоғамдық денсаулық сақтау” немесе “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”,  “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде мынадай құжаттарды:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

6) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай білу, ұйымдастыру, бақылау. Өзін басқара білу, бейімделу.

Конкурсқа өтініш беру мерзімі он бес күн.

Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан облысы; Түркістан қаласы, Айналма тас жолы,160 квартал , н/з 1 қабат Түркістан облысы  қоғамдық денсаулық басқармасының кадр және құқық жұмысы бөлімі.(Түркістан қалалық балалар ауруханасы)

Анықтама сымтетіктері: (8-725-33) 5-93-79.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжат қабылдау соңғы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып, 15 күннен кейін аяқталады.