Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарландыру

 

Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы  7  тамыздағы №591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 57-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің түрлері/медициналық көмектің нысандары/  қызметтер* бойынша:

1) жедел медициналық көмек;

2) стационарды алмастыратын көмек;

3) амбулаториялық гемодиализ;

4) стационарлық көмек, оның ішінде сәбиді күту бойынша (жаңа туған сәбидің дәрі қобдишасы) жинақты қамтамасыз етуге;

5) инфекциялық ауруларымен ауратын науқастарға медициналық көмек;

6) онкогематологиялық ауруларымен ауратын науқастарға медициналық көмек;

7) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

8) патолого-анатомиялық бюросының қызметтері;

9) АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-мен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек;

10) туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек;

11) кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілмейтін консультациялық-диагностикалық қызметтер:

-анестезияны, препарирование және химиялық қаттылаудың композитті материалдарынан пломбы сала отырып, тіс жұлуды қоса алғанда маманның жолдамасы бойынша балалар мен жүкті әйелдерге көрсетілетін жоспарлы стоматологиялық көмекке (ортодонттық және ортопедиялықтан басқа) қызметтер;

– халықтың әлеуметтік жағынан осал санаты үшін шұғыл стоматологиялық көмекке (қатты ауыру): анестезия, препарирование және химиялық қаттылаудың композитті материалдарынан пломбы салу, анестезиямен тіс жұлу, периостотомия, абцесстерді ашу;

– халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін, инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрі: полимеразды тізбекті реакция, иммуннды фенотиптеу, компьютерлік томография, магниттік-резонансты томография;

–  әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);

– травмотологиялық пункттерде;

– тері-венерологиялық диспансерлерде (көп бейінді ауруханаларға қарасты бөлімшелерде)

көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық көмектің түрлері/медициналық көмектің нысандары/  қызметтер (бұдан әрі – медициналық қызметтер)   Түркістан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына Түркістан қаласы С.Ерубаев   138- үй 1- кабинет мекенжайы бойынша ұсынады.

Өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы «10» қыркүйек 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «16 » қыркүйек 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7253) 35 28 48.

 

Ескертпе:

* медициналық көмектің/қызметтердің түр(лер)і/нысан(дар)ы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес көрсетіледі.