Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарландыру

 

Түркістан қаласы С.Ерубаев 138-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы  7  тамыздағы №591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 57-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің түрлері/медициналық көмектің нысандары/  қызметтер* бойынша:

1) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық көмектің түрлері/медициналық көмектің нысандары/  қызметтер (бұдан әрі – медициналық қызметтер)   Түркістан облысының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына Түркістан қаласы С.Ерубаев                      138- үй 1- кабинет мекенжайы бойынша ұсынады.

Өтінімдерді қабылдау басталатын күн–2019 жылғы
«25» қыркүйек 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «27» қыркүйек 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7253) 35 28 48.

 

Ескертпе:    

* медициналық көмектің/қызметтердің түр(лер)і/нысан(дар)ы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес көрсетіледі.