ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ БАРЫСЫНДА КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев өңірде бой көтеріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарымен танысты. ҚР Денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртанов Елбасыға Түркістан қаласында салынғалы отырған облыстық көпсалалы аурухананың жобасын көрсетті. 650-ге жуық орынға есептелген аурухананың медициналық-технологиялық базасы бекітілген. Жоспар бойынша ғимарат инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы, аймақта медицина ұйымдарының жабдықталуы биылғы жылдың 9 айында 70,93% құрады. Бірінші кезекте ана мен бала денсаулығын жақсарту, жансақтау, ота жасау, жедел жәрдем қызметін күшейтуге мақсат қойылған.