ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА 14-ШІ ҚАРАША БҮКІЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДИАБЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Келушілер арасында медициналық тексеру жүргізіліп, дәрігерлік кеңес берілді. Жыл сайын бұл ауруға шалдыққан науқастар саны артып келеді. Шараны өткізудің мақсаты да осы сусамыр дертінің алдын-алу болып отыр.

Алғаш рет диабет күні 1991 жылы дәл осы күні халықаралық диабет федерациясы және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өткізілген.  Бүкіл әлемде  аталған ауруға душар болған 371 млн. адам тіркелген.

Жыл сайын диабеттің асқынуынан 5 млн адам көз жұмады және әр 7-ші науқас мүгедекке айналады. Қазақстанда сусамыр дертімен тіркелген 360 мыңнан астам науқас бар. Түркістан облысының өзінде 26 мыңға жуық азамат ауырады.