Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген  медициналық қызметтер көрсетуге үміткерлердің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің көлемін орналастыру ресімін жүргізу туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13-үй 3 бөлігі 16 қабатта орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7  тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 57-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің түрлері/медициналық көмектің нысандары/  қызметтер бойынша*:

 

осы хабарландырудың қосымшасына сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер

2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында **

Көрсетілген медициналық қызметтер облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ға Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көш., 13/3-үй, 16-қабатына ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2019 жылғы «21» қараша 09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «27» қарашаның 15 сағат 00 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: +7 7178-647-037; +7 7172 647-016; +77172 647-026; +7 7172- 647-032 телефондары бойынша алуға болады.

 

Ескертпе:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі республикалық комиссияға ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімді дерекқорға енгізілген және:

– республикалық деңгейде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер;

– республикалық және өңірлік деңгейде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері береді.

**медициналық қызметтердің көлемін бөлу тәртібі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет берушілерден қызметтер сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 57-тармағына сәйкес 2019 жылға арналған медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті медициналық сақтандыруды ұсынуға келісім-шарт жасалған жеткізушілер арасында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген.

Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ(www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.