ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округынде ашылған емдеу мекемесі  қосымша Қызылжар, Ақжар және Жемісті елді мекендерінің 19 мыңға жуық халқына мамандандырылған медициналық қызмет көрсететін болады.Ауыл тұрғындары үшін көп көмегі тигелі отырған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығының ашылу салтанатына Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және ауыл ақсақалдары қатысты.

Орталық бір ауысымда 120 науқасқа қызмет көрсете алады. 10 адамға арналған күндізгі төсек орынмен және заманауи үлгідегі медициналық техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы Сарыағаш аудандында 500 ден астам науқасқа арналған орталық аурухана, емхана және 18 дәрігерлік амбулатория мен 30-ға жуық фельдшерлік акушерлік пункт қызмет көрсетеді. Аудандық ауруханада күні кеше триаж жүйесі мен жарақат тірегі ашылған. Сонымен қатар 2 дана лифтпен қамтылды.

Дәрігерлерінің басты ұстанымы  – сапалы медициналық қызметпен емделушілердің сенімін ақтау. Жаңадан ашылып отырған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында  ауыл тұрғындарына сапалы мамандандырылған дәрігерлік ем көрсетілетін болады.