Басшылық

Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы
               

Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы 1962 жылы 23 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Қарасу елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті ойдағыдай бітірген соң, Қарағанды мемлекеттік медицина институтына  1980 жылы оқуға түсіп, аталған жоғары оқу орнын 1986 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша бітіріп, «дәрігер-педиатр» мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын 1986 жылы №1 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-педиатр қызметінен бастап, осы ауруханада 17 жыл жұмыс істеді.

Қарапайым дәрігерден бөлім меңгерушісі, бас дәрігер қызметіне дейін көтерілді.

1993-2003жж. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, 2003-2006жж. облыстық тері-венерология диспансерінің бас дәрігері, 2006-2008жж. облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, 2008-2017жж. облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметтерінде болды.

Денсаулық сақтау саласындағы жалпы медициналық еңбек өтілі -31 жыл, ал бас дәрігер қызметінде – 23 жыл қызмет атқарды. Бүгінгі таңда ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы өндірістік қызметті ғылыми жұмыспен ұштастыра білді. 1998 жылғы қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы жұқпалы аурулар, балалар жұқпалы аурулары, эпидемиология  және  дерматовенерология  кафедрасының ассистенті,  2001-2006жж. кафедра меңгерушісі. 2007-2008жж.  ОҚММА-да «Педиатрия-2» кафедрасының меңгерушісі. 2009-2012жж.  «денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» кафедрасының ассистенті.  94 ғылыми еңбектердің және 4 куәліктің авторы.

2005 жылы Алматы экономикалық университетін «қаржы және несие мамандығы бойынша бітіріп, «экономист» мамандығы берілді.

Мамандығы бойынша дәрігер, экономист.

1998 жылы медицина ғылымдарының  кандидаты, 2005 жылы  медицина ғылымдарының докторы, 2009 жылдан бастап медицина мамандығы бойынша доцент  ғылыми дәрежесінде, 2015 жылдан клиникалық және фундаментальды медицина ғылымдары академиясының мүшесі (АКАДЕМИК).

М.К.Егізбаев 1997 жылдан бастап жоғары білікті маман, 2005 жылдан бастап  «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» бойынша жоғары біліктілік маман сертификатын алған. 2010 және 2015 жылдың наурыз айында Қоғамдық денсаулық сақтау /Әлеуметтік гигиена және денсаулық  сақтауды ұйымдастыру» бойынша жоғары біліктілік санатын қайта растады.

Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы  қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын басқарған жылдары осы ауруханада облыстық гепатоорталығы,  ішек-құрт аурулар бөлімі, ауыз қуысы арқылы регидратация орталығы, әдістемелік-ұйымдастыру бөлмесі  ашылды.

Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы облыстық клиникалық ауруханасын басқарған жылдары гепатоорталық, ревматологиялық, инсульторталығы, ЭКО (экстрокорпоральды ұрықтандыру), ерлер денсаулығы және диабеттік табанды емдеу орталықтарын ашты.  1999 жылдан бастап сайланбалы (алқалы) органдарға  қатысып, бес рет облыстық мәслихат депутаты болып  сайланды.

Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлының елге сіңірген еңбегі еленіп, 1995 жылы «ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің  грамотасымен»,  2001 жылы  ОҚО  мәслихатының грамотасымен,  2002 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  үздік белгісімен, 2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл мерекесі» және «ҚР Парламентіне 10 жыл» мемлекеттік наградаларымен (медальдерімен) марапатталды.

2010 жылы  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Саяси кеңесі Бюросының  қаулысы бойынша  «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталды.2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2011 жылы ОҚО Сайрам аудандық мәслихатының  сессия  шешімімен

Сайрам  ауданының  «Құрметті азаматы»  атағы берілді.

2015 жылы ҚР Президентінің «Құрмет» ордені.

2016 жылы Шымкент қаласының «Құрметті азаматы».