Есептер

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы 9 айындағы жұмысының қорытындысы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы демографиялық көрсеткіштері бойынша республика үшін жүйені құрушы, стратегиялық маңызды  өңір. Облыстың рейтингтік көрсеткіштері тұтас республиканың көрсеткіштерін айқындайды.

Облыс халқының саны 2,8 млн. адамды құрайды, оның ішінде 39% балалар мен жас өспірімдер құраса, 60% ауыл тұрғындары. Соңғы жылдарда халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2010 жылы 69,5-тен 2017 жылға 72,6 дейін артты (ҚР бойынша 72,3).

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмекті 104 медициналық ұйымдар көрсетеді, оның ішінде 38 емханалық және 49 ауруханалық ұйымдар.

«Жол картасы» шеңберінде, 2017 жылғы 8 айының қорытындысымен, денсаулық сақтау жүйесінің негізгі индикаторларына қол жеткізілді. Облыста 5 негізгі әлеуметтік мәні бар жұқпалы емес аурулар – жіті миокард инфаркті, ми қанайналымының жіті бұзылысы (инсульт), қатерлі ісіктер, жарақаттар, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметі бойынша аурушаңдық және өлім–жітім көрсеткіштері республикалық көрсеткіштерден төмен.

Оңтүстік Қазақстан – бала  туу көрсеткіші жоғары өңірлердің бірі. Мысалы, 2016 жылы республикада туылған 403200 туылған балалардың 79160 (20% немесе әрбір 5-ші бала) Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болып табылады.

Бұл ретте босану төсек-орындарымен қамтамасыз етілгендік республикадағы ең төмені – 19,9. Бүгінгі таңда облыста 4 перинаталдық орталығы жұмыс істейді, олардың ішінде біреуі ғана типтік. Өңір кем дегенде тағы екі перинаталдық орталыққа мұқтаж. Біріншісі – Сарыағаш қаласында халқы ең тығыз орналасқан 3 ауданның (Мақтарал, Сарыағаш және Шардара), екіншісі Шымкент қаласының  әйелдеріне қызмет көрсететін болады. Бүгінгі таңда халқының саны 885,8 мың адамды құрайтын Шымкент қаласында  бір қалалық перзентхана (бейімделген үй-жайда орналасқан) бар.

Облыста аналар және нәрестелер өлім–жітімін төмендету мақсатында жүйелі шаралар қолданылып, балалар мен босанатын әйелдерге жәрдем беру қызметінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі табысты ендірілді. Қолданылып жатқан шаралар нәтижесінде соңғы бірнеше жыл ішінде көрсеткіштердің тұрақты төмендеуіне қол жеткізілді. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша ОҚО бойынша ана өлім–жітімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың 8 айында 41,7% төмендеп, 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 9,9 құрап (2016ж. 8 айында – 17,0),  алғаш рет республикалық көрсеткіштен төмен болды. Ағымдағы жылғы 9 айының алдын ала мәліметтері бойынша ана өлім-жітім көрсеткіші 2 есеге төмендеп отыр (2017ж. 9 айы – 8,7; 2016ж. 9 айы – 18,3).

Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші тұрақтанып, 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,6 құрап отыр (2016ж. 8 айында – 9,6). Ағымдағы жылғы 9 айының алдын ала мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 9,2 құрады (2016ж. 9 айы – 9,3).

Жарақаттар, жазатайым оқиғалардан болатын өлім–жітімінің көрсеткіші 22,2 құрап, 13%-ға төмендеді (2016ж. 8 айында – 25,7).

Туберкулезден болатын өлім–жітімінің көрсеткіші 1,6 құрап, 5,8%-ға төмендеді (2016ж. 8 айында – 1,7). Амбулаториялық деңгейде науқастарды емін үзбей емделуіне ынталандыру мақсатында туберкулезге шалдыққан 977 науқасқа жергілікті бюджет  есебінен 102,8 млн.теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Бөлінген әлеуметтік қолдау көрсетудің үлес салмағы 4,1%-ды құрады, Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарты – 4%.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім–жітімінің көрсеткіші 34,7 құрап, 2,8%-ға төмендеді (2016ж. 8 айында – 35,7).

Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім–жітімінің көрсеткіші 70,7 құрап, 6%-ға төмендеді (2016ж. 8 айында – 75,2).

Ағымдағы жылдың 8 айында Конго-Қырым қан қызбасының 8 жағдайы (2-і қайтыс болды), құтыру ауруының 4 жағдайы (өліммен аяқталды), сібір жарасының 1 жағдайы тіркелді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында «Қайтпас» мөлтек ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана салынып жатыр. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталған соң, тағы 3 қалалық емхана құрылысы жүргізіледі (№№ 9,10 и 11).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3,7 млрд.теңгеге 34 нысанның (2016ж. – 10 нысан) құрылысы, 1,92 млрд.теңгеге 10 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс тарихында алғашқы рет бір кезенде Сайрам, Мақтаарал (Жетісай қ., Мырзакент п.) аудандарында, Кентау қаласында 4 ірі емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр.

ОҚО әкімдігі жаңа онкологиялық диспансерін салуға жер телімін бөлді, туберкулезге қарсы диспансерін қала шетіне шығару мәселесі шешілді, жер телімі бөлінді. Сарыағаш және Шымкент қалаларында орталықтарды салуға жер телімдері бөлінді, жобалық–сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды.

20 модульдік (құрамалы) медициналық пункттерді (МП) сатып алу бойынша жоба іске қосылды, осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс  салуға қарағанда екі есе арзанға түседі. Сонымен қатар уақыт факторы да үлкен маңызға ие: құрылыс жүргізуге 2 жылдай уақыт кететін болса, модульдік МП 2 ай ішінде орнатылады. Биылғы жылы осындай 20 пункт орнатылады, 2018 жылы 67 орнатылып, облыстың медициналық пункттерге деген қажеттілігін қысқа мерзімде 100% өтеуге мүмкіндік береді.

Жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жаңғырту мақсатында Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы сенімгерлік басқаруға шетелдік компанияға берілді. Қосымша 6 бекет ашылды. Жедел медициналық көмек үшін қазан айының соңына бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөліктер жеткізіледі. Бұл әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді. Іске асыруға компьютерлік техниканың 8582 бірлігі сатып алынды. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100% компьютерленеді, бірыңғай сервер медициналық ұйымдарын пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады. Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққта түседі.  Қағаз түріндегі құжат айналымы азаяды, бұл өз кезегінде пациенттердің медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Облыс халқы республикада алғашқы болып электрондық денсаулық паспорттарын алады.

Медициналық ұйымдарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен материалдық-техникалық жабдықтауға кететін шығыстар ағымдағы жылы 3,5 есе ұлғайып, 5,9 млрд.теңгеге жетті. Медициналық ұйымдарының жабдықталғандығы орташа республикалық көрсеткішке 65,5% жеткізілді. Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметі,  шұғыл және мамандандырылған көмек басымдықты  қызметтер болып табылады. Облыстың санитарлық авиация қызметі үшін навигациялық жүйемен және жаңа құралдармен жабдықталған 4 реанимобильдер сатып алынды.

Алғаш рет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балаларға тәуліктік стоматологиялық көмек ұйымдастырылды. Педиатриялық койкалар саны 110 төсек-орынға ұлғайтылды. Келесі жылы церебральды параличке шалдыққан балаларға 2 оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Мектеп медицинасын білім жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне өткізу жұмыстары жүргізілді.  Облыстық білім басқармасына қарасты 994 мектептеріндегі 1443 медқызметкерлер облыстың 42 медицина ұйымдарына жұмысқа қабылданды. Мектептің медициналық қызметкерлерін кезеңмен біліктілігін арттыру үшін 2017-2018 жылдарға кесте түзіліп, 155 медицина қызметкері біліктілігін арттырды.

Облыстың медициналық ұйымдарында 7950 дәрігерлер, 24874 орта буын медициналық қызметкерлер жұмыс атқарады. Дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 26,3 құрап отыр (2016ж. 8 айында – 25).

Кадрларды даярлау сапасын жоғарылату мақсатында озат әлемдік клиникалар қатарына кіретін стратегиялық әріптестерді тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл Ресей, Франция, Түркия, Беларуссия, Украина, Монғолия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінің ірі медициналық орталықтары. 80 Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық мамандары шетел клиникаларында біліктілігін жоғарылатты (Түркияда – 15, Оңтүстік Кореяда – 19, Ресейде – 32, Белоруссияда – 8, Монғолияда – 6), 148 маман – республикалық деңгейде, 899 маман облыстық 3 тренинг орталықтарында біліктілігін жоғарылатты.

Облыс әкімдігінің қаулысымен Шымкент медициналық колледжі «Жоғары медициналық колледжі» статусына ие болды. Жаңа оқу жылынан бастап аталған колледжде медициналық қоңдырғыларға қызмет көрсетуші – медициналық техниктерді даярлау бөлімшесі ашылды.

Ауылды жерлерде дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтің көмек пакетіне өзгерістер енгізілді: 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жолданатын жас мамандар бір реттік 1 млн.теңге сомасына көмек алатын болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс тұрғындары «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен өткізілген республикалық «Денсаулық фестиваліне» белсенді қатысты, денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен СӨС орталығымен Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас – Золотой возраст» мерекелік іс шара өткізілді.